Өрт сөндіру-құтқару спортынан сайыс басталды

Өрт сөндіру-құтқару спортынан сайыс басталды

«19-қазан - Құтқарушылар күні» қарсаңында өңірде өрт сөндіру-құтқару спортынан сайыс басталды. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мақсатында жыл сайын өрт-сөндіру құтқару спортынан сайыс ұйымдастырылады. Кәсіби шеберліктері сынға түсетін сайыста 15 команда бақ сынауда.           

Жарысты Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары  азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов ашты.  Ашылу салтанаты кезінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне  бір минут үнсіздік жарияланып, еске алынды.           

Жарыстың алғашқы күні шабуылдау сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының  4-қабатына көтерілу, жылжымалы сатымен оқу-жаттығу мұнарасының 3-қабатына көтерілу бойынша кезеңдері өз мәресіне жетті.            

Қорытынды бойынша шабуылдау сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының  4-қабатына көтерілу кезінде үздік нәтиже көрсеткен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1-орынды жеңіп алды. Жүлделі 2-орын  №5 өрт сөндіру бөліміне бұйырса, 3-орынды Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімі иеленді.             Жылжымалы сатымен оқу-жаттығу мұнарасының 3-қабатына көтерілу кезеңінде бәсекелестерінен озат деп табылған №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1-орын, Байқоңыр қаласының №8 өрт  сөндіру бөлімі 2-орын алды, ал, 3-орынды Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді.          Келесі этапта жарысқа қатысушылар жауынгерлік қанат жаюдан  бақ сынайтын болады деп күтілуде.         

Қызылорда облысы ТЖД

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметі» ММ