Атырау облысы ТЖД-да өрт сөндіру кроссфиті бойынша жарыстар өтті

Атырау облысы ТЖД-да өрт сөндіру кроссфиті бойынша жарыстар өтті

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні кәсіби мерекенсін мерекелеу қарсаңында, сондай-ақ Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында 2022 жылғы 13 қазан күні Атырау қаласының №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру бөлімдері арасында функционалды өрттік көпсайыстан (өрт сөндіру кроссфиті) облыстық чемпионат өтті. Аталмыш жарысқа барлығы 14 команда қатысты.

Байқау бағдарламасы күрделілігімен және әр түрлілігімен ерекшеленді - қатысушылар 9 күштік жаттығуларын орындады, соның ішінде жауынгерлік киімді кию, салмағы 36 кг болатын гірді бастан жоғары көтеру, жүгіру, дөңгелектерді бұрыштай итеру, өрт сөндіру жеңдерін жаю, тіпті жеңіл автокөліктің автошинасын зілбалға көмегімен 10 метрге соғып ығыстыру және автокөлікті сүйреу.

Чемпионат қорытындысы бойынша Атырау қаласы №13 МӨСБ командасы үздік көрсеткіштер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды – Индер аудандық №5 ӨСБ командасы, үшінші орынды – Атырау қаласы  №3 ӨСБ командасы иеленді.

Жеке есепте ең жылдам, әрі төзімді болып Индер ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Даулеткалиев Амирхан танылды.

Чемпионат жеңімпаздарына кубоктар, грамоталар, медальдар табыс етілді.

                           Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы