ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша республикалық оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырды

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша республикалық оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырды

Ағымдағы жылғы 2-12 қазан аралығында 28237 азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің  базасында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау (бұдан әрі-РХБ қорғау) бөлімшелерінің мамандары «РХБҚ-2022» оқу – әдістемелік жиындары өткізілді.

Жиынға 48 маман қатысты, оның ішінде өңірлердің ТЖ департаменттерінің РХБ қорғау бғытына жауапты 21 әскери қызметшісі, ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының РХБ қорғау бөлімшесінің 3 қызметкері, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің 8 әскери қызметшісі және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 1 қызметкері.

Өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 13 РХБ қорғау мамандары (өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдер қызметінің бастықтары) шақырылды.

Оқу – әдістемелік жиындарды өткізу бағдарламасына сәйкес келесі тақырыптар бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді:

- халықтың қауіпсіздігіне әсер ететін РХБ төтенше жағдайлардың негізгі қауіп-қатерлері;

- халықты төтенше жағдайлардан қорғаудың негізгі тәсілдері;

-ықтимал қауіпті биологиялық объектілер, инфекцияның негізгі көздері және олардан қорғау тәсілдері (Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарын тарта отырып);

- зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету (ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерін тарта отырып);

- қауіпті заттар шығарындыларымен ТЖ жою кезінде РХБ қорғау бөлімшелерінің әрекеті;

- тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдарын, радиациялық және химиялық барлау аспаптарын, РХБ қорғау техникасын қолдану.

Оқу-әдістемелік жиындар шеңберінде алған теориялық білімдерін бекіту мақсатында екі қауіпті өндірістік нысан («Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК және "Carlsberg Kazakhstan» ЖШС) базасында радиациялық және химиялық апаттарға ден қою бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-әдістемелік жиындар аясында «ATOMTEX» ЖШС, «Guzu» ЖШС және «IPG» ЖШС өкілдері заманауи жеке қорғаныс құралдары мен радиациялық және химиялық барлау құралдарының таныстырылымы мен көрсетілімін өткізді.

Бұл жиындар радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандарының теориялық білімі мен практикалық дағдыларын арттыруға, сондай-ақ осы бағыттағы мамандарды даярлауға және төтенше жағдайларды жоюға тартылатын ТЖМ және Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің іс-қимылдарын пысықтауға қатысты өзекті мәселелерді қарауға және шешуге мүмкіндік берді.

Оқу-әдістемелік жиындардың мақсаттарына қол жеткізілді, теориялық және практикалық сабақтардың міндеттері толық көлемде орындалды.

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс

және әскери бөлімдері комитеті