
2022 жылғы 12 қазанда Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы Ибрагим Күлшімбаев Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапарының бірінші күні облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездесуден басталды.
Бұдан әрі министрдің м. а. төрағалығымен Ұлытау облысы ТЖД жедел-қызметтік қызметінің 9 айдағы қорытындылары туралы жұмыс кеңесі өтті.
Жиыннан кейін құтқарушылар күнін мерекелеуге арналған іс-шараның салтанатты бөлігі өтті. Онда Ибрагим Күлшімбаев Азаматтық қорғау органдарының ардагерлерімен, ТЖД жеке құрамымен кездесті. Ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттап, алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.
Сондай-ақ, осы күні №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Руслан Әбілдиновты еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі