Өзгелер үшін өмірін тәуекелге тігу

Өзгелер үшін өмірін тәуекелге тігу

Өрт сөндіруші Александр Токарев туралы аңыздар айтуға болады. Ол өмірінде бірнеше рет өз өмірін қатерге тіккен...

Өрт сөндірушілер қатарына 2001 жылы келді. Әскерден  кейін ол осы мамандыққа кездейсоқ түсіп, көптеген жылдарға созылып кеткенін еске алады.

"Жалпы  500-ге жуық өртті сөндірген шығармын, бәрін нақты айта алмаймын. Күніне 8 –ге жуық өртті сөндірген кездер болған, көптеген өрттер, өртқауіпті кезеңде болады",-дейді Риддер қаласының 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға сержанты Александр Токарев.

"2011 жылы орман өртін сөндіруге қатыстым. Сол кезде орманшылармен бірге бірнеше күн бойы отқа тойтарыс бердік. Қорқынышты болды, бірақ бізден басқа кім істейтін еді? Көмекке  Өскемен қаласындағы әріптестер, өрт сөндіру пойызы келді. Жалпы күш-жігермен жалын тынышталды. 2003 жылы менің екінші туған күнім болған шығар. Мен ол кезде қалай тірі алғанымды білмеймін. Шаруашылық  ғимараттары өртеніп жатты, біз сол ғимараттан 10-ға жуық газ баллондарын шығардық, бірақ бәрібір бір газ баллоны жарылды, менің сол кезде жолым болып, дін-аман қалдым. Сол кезде қалай жасырынып үлгергенімді өзім түсінбей қалдым. Бәрі менің жолым болғыш дейді. Тағы бір жағдай 3-ші шағын аудандағы пәтерде болған қатты өрт. Қарауылмен бірге 3 ер адам мен бір әйелді оттан құтқарып алдық. Жалынның температурасы қатты болғаны соншалық, газ маскасы бетке "жабысып қалды",- дейді Александр Токарев.

Токаревтер отбасында үш баласы әкесінің кәсібін құрметтейді. "Жұмыстағы үлкен тәжірбиеме қарамастан, кезекшілік  ауысымда  болған кезде мен үшін олар үнемі алаңдайды", - дейді 1- МӨСБ-өрт сөндірушісі.

"Жұмыстан тыс уақытта және тыныш күндерде мен аң аулауды жақсы көремін. Бұл мені қарапайым емес мамандықтан алшақтатады", - дейді Александр.

- Сіздің мамандығыңызды жиі ерекше дәріптейді…

- Солай ма? Шын мәнінде ол ең ауыр жұмыстардың бірі.

- Бірақ, сонымен бірге құтқарушы бірдеңе істей алады, көмектесе алады.

- Не айтайын, жұмысым ұнайды. Шындығында, оның нәтижесі жағымды. Сіздің алдыңызда зұлымдық тұрады, бірақ нәтижесінде бір жақсылық болады. Мүмкін бұл адамдардың құтқарушы мамандығын таңдауының себебі шығар.

- Өрт сөндіруші қандай қасиеттерге ие болуы керек деп ойлайсыз?

- Батылдық, батырлық, көмектесуге дайын болу және апат болған кезде бетпе-бет келуге тура келетін адамдарға деген көзқарасы. Өрт кезінде қобалжуға және үрейленуге болмайды. От апатымен күресте табысты жұмыс кепілі - суыққандылық және байсалдылық.

- Сіздің жұмысыңыздағы ең қиыны не?

- Біздің мамандықта - барлау, өйткені қиын жағдайларда кедергілер болуы мүмкін.

- Сіз сияқты мамандықтың иесі болғысы келетіндерге не туралы ескерткіңіз келеді?

- Біздің мамандықта кездейсоқ адамдар жоқ. Мұнда жан тәніңмен беріліп қызмет ету қажет. Осы мамандықтың жанкүйері болу, басқа ештеңе емес.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі