
2022 жылғы 08 қазанда Күршім ауданының "Пугачев орманшылығы" аумағында және ауылдық округ жерлерінде басталған 1300 га алдын ала алаңдағы өрт 2022 жылғы 12 қазанда 13 сағат 45 минутта ауыздықталды. Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер, ЖАО, орманшылардан құралған барлығы 260-тан астам адам және 30-ға жуық техника бірлігі және ШҚО әкімдігінің "МИ-8" екі тікұшағы жұмылдырылды. Жетуі қиын таулы аймақ пен жел өтті сөндіруді қиындатты. Десанттарды жеткізу үшін тікұшақтардың көмегімен жүргізілді. Барлығы 14 рет көлемі 35 тонна су төгілді, десант күштерімен сөндіру үшін 8 тонна су жеткізілді.
Сонымен қатар, аймақта тұрақты ыстық, құрғақ ауа райы сақталуда. ШҚО ТЖД азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауын сұрайды.
Қауіпсіздік және өрттің алдын алу мақсатында азаматтардың орман аймағына баруын шектеу қажет. Ешбір жағдайда шөпті өртемеңіз. От жағуға болмайды. Балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіріңіз. Жол жиектерімен жүріп өтіп, көліктердің терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтыруға жол бермеңіз. Саяжай учаскелерінде:
- Алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы қажет: су бөшкесі, өрт сөндіргіш.
- Үйлердің маңындағы саяжайлардың аумағын тазалау кезінде от жағуға тыйым салынады.
- Өрт анықталған жағдайда дереу "101" және "112" телефондары арқылы хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі