«Халықаралық сыныптағы құтқарушы» сыныптық біліктілігін беру

«Халықаралық сыныптағы құтқарушы» сыныптық біліктілігін беру

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы
11 сәуірдегі № 188-V 3PK Заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес, «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» деген сыныптық біліктілікті уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы құтқарушыларға олар жұмыс істейтін авариялық-құтқару құралымының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан береді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Халықаралық сыныптағы құтқарушы» сыныптық біліктілігін беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының отырысы жоспарланған.

«Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығының 13-тармағының 4) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), «халықаралық сыныптағы құтқарушы» 1-сыныпты құтқарушы маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, қызметтің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кемінде үш рет халықаралық құтқару жұмыстарына немесе оқу-жаттығуларға қатысқан, дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» бағасынан төмен емес шекті нәтижелерге қол жеткізген және B1 (intermediate) және/немесе одан жоғары ағылшын тілі курстарының сертификаты бар құтқарушыға беріледі.

Дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтар мен құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттері ағымдағы жылғы 10 қарашаға дейін жүзеге асыратын болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 60-21-09 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Төтенше жағдайларды жою департаменті