25-26 ақпан аралығында «Көктем–2020» РКШОЖ өткізіледі

25-26 ақпан аралығында «Көктем–2020» РКШОЖ өткізіледі

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бекіткен «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес ағымдағы жылғы
25-26 ақпан аралығында «Көктем – 2020» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуын өткізу жоспарланған.

Аталған іс-шара азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңге даярлау мақсатында өткізіледі.

Мәселен, Оқу-жаттығуға дайындық барысында көктемгі кезеңгі су тасқынын жою бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру мақсатында ағымдағы жылғы ақпан айы бойы еліміздің барлық жерінде Комитеттің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдардың, коммуналдық қызметтердің, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің, Қорғаныс министрлігінің сондай-ақ Шекаралық қызметтің күштері және құралдарымен бірлесе отырып жоспардан тыс арнайы-тактикалық оқу-жатығуларды өткізуді жүзеге асыруда.

Ақпан айында республика бойынша барлығы 340 астам арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар жоспарланған. Бүгінгі таңда 54 іс-шара өткізіліп қойды.

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларды жоспарлаған кезде ТЖ ең осал  елді мекендерде нақты және шынайы міндеттер пысықталатынын атап өту қажет.

Арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу барысында жергілікті атқарушы органдар өзендер жағалауының бұзылу қаупі бар учаскелерінде қорғаныш бөгендерін салу бойынша практикалық жұмыстарды жүргізді. Шұғыл ден қою құрылымдары ықтимал төтенше жағдайлар, құм салынған қап пен инерттік материалдар бар жерлерде көпірлерді, құбырлы өткелдер мен каналдарды тазарту бойынша практикалық іс-шараларды пысықтады. Практикадада халықты эвакуациялау, эвакуацияланған адамдарды ұйықтауға арналған керек-жарақтар және ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар пысықталды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жергілікті тұрғындардың шынайы алғыс сөздерін ғана емес, сонымен қатар болашақта материалдық нұқсанды азайтуы мүмкін экономикалық үлесті де атап өту қажет.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғау басқармасы