Волейболдан турнир ұйымдастырылды

Волейболдан турнир ұйымдастырылды

Жыл сайынғы дәстүр бойынша «19-қазан – Құтқарушылар күніне орай» және Бағдат Даниловты еске алуға арналған Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Бағдат Данилов екі жыл бұрын Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болған адам еді...

Азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Жұмаұлы  еліне еткен елеулі еңбегімен әріптестерінің жадында мәңгі сақталатыны сөзсіз. Ол қызметте әрбір әріптесіне құрметпен қарайтын бастық еді. Білімділігі мен іскерлігі, қызмет тәжірибесі көпке үлгі болатын. Республика бойынша бірнеше өңірде азаматтық қорғау органдары саласында басшылық қызметте абыроймен еңбек еткен еді. Бүгінде оның бұл дүниеден өткеніне 2 жылға жуық уақыт болыпты.  Алайда,  әлі күнге әріптестері жадынан оның есімі өшкен емес.

Осы турнирді тамашалауға Бағдат Даниловтың анасы, жұбайы және бұрын қызмет еткен әріптестері мен сала ардагерлері келді.

Аталмыш турнирдің ашылуы барысында Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

№ 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің спорт залында өткен волейболдан турнирге Қызылорда облысы ТЖД, ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» аппаратының қызметкерлері, облыстағы өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндірушілері, Жедел құтқару жасағының құтқарушылары қатысып, бақ сынасты.

Нәтижесінде жалпы есеп бойынша І орынды Қызылорда қаласының № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен қатысқан команда, ІІ орынды Жаңақорған ауданынан келген № 14 өрт сөндіру бөлімінің командасы, ІІІ орынды ТЖД «ӨСЖАҚЖҚ» ММ аппарат қызметкерлері иеленді.

Турнирді өңірлік телеарна тілшілері де тамашалап, ұйымдастырушылар мен қатысушылардан сұхбат алды.

Қызылорда облысы ТЖД