
Бүгін Кадр саясаты басқармасының бастығы Қанат Шарафадинов Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы генерал-майор И.Күлшімбаевтың 2022 жылғы 7 қазандағы № 120 жеке құрам бойынша бұйрығын Қызылорда облысы ТЖД аппараттық кеңесіне қатысушыларға таныстырды.
Аталмыш бұйрыққа сәйкес Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары болып Нұрсұлтан Ибрагимов тағайындалғандығын, ал, ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы болып Әбділдә Баекеев тағайындалғандағын айтты.
Одан соң Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан Қайрақбаев Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары болып қызметке тағайындалған азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимов пен ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Әбділдә Баекеевтің қызметтік кабинеттеріне барып, ресми түрде құттықтап, қызметтеріне абырой тіледі.
Н.Ибрагимов 1977 жылы 20 сәуірде Сырдария ауданында дүниеге келген. «Қаржы және несие маманы», «өрт қауіпсіздігі инженері» мамандықтарын иеленген. 1995-1997 жылдар аралығында ҚР Қарулы күштері қатарында - № 2091 әскери бөлімінде қызмет етті. Қызмет жолын Қызылорда қаласындағы № 10 орта мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2002 жылы «Қызылжармасервис» ЖШС-нің экономисті болды. 2004 жылы № 11 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы болған. Азаматтық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі шамамен 18 жылды құрайды. Ол бұған дейін Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы лауазымында болған.
Ә.Баекеев 1984 жылы 22 қаңтарда Шиелі ауданында дүниеге келген. Көкшетау техникалық институтын бітірген, өрт қауіпсіздігі инженері. Азаматтық қорғау органындағы еңбек өтілін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Қарағанды облысы бойынша филиалының № 45 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі № 5 отрядының инженері болып 2005 жылдан бастаған. Азаматтық қорғау органындағы еңбек өтілі 17 жылға жуық. Бұған дейін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары болған.
Әріптестерге қызметте абырой тілейміз.
Қызылорда облысы ТЖД