
2022 жылдың 9 қазанында таңертең 7 адамнан тұратын туристер тобы гидтің сүйемелдеуімен Шарын каньонында орналасқан Сарайлар Аңғарына аттанды.
23 сағат 00 минутта РЖҚЖ кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне туристердің бұл тобы қайтар жолды таба алмай жатқандықтан көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жеке құрамы 7 адамнан тұратын РЖҚЖ құтқарушылары жедел түрде іздеуге шықты, оның ішінде адасқандарды іздеуге арналған 1 кинологиялық есептоп бар. Туристер туыстарымен телефон арқылы байланыста болды. РЖҚЖ құтқарушылары аталған жерге келіп, берілген координаттардың аумағын зерттей бастады. Іздеу түні бойы таңертеңге дейін жалғасты. Белгіленген жерден 5 км-ден астам жүргеннен кейін РЖҚЖ құтқарушылары іздеуді жалғастырды.
08 сағат 30 минутта РЖҚЖ құтқарушылары адасқан туристерді тауып, оларға барлық қажетті көмекті көрсете отырып, қауіпсіз жерге алып барды.
РЖҚЖ қызметкерлері барлық туристерге өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін есептеу, табиғатқа шықпас бұрын ауа-райымен танысу және төтенше жағдайда өздерін қажетті заттармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ескертеді. Өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте пауэрбанк, сіріңке болуы керек. Сондай-ақ сіз баратын жер туралы туыстарыңызға хабарлауды ұмытпаңыз.
Жаяу серуендеу алдында төмендегі жедел телефондарды жазып алыңыз:
372-15-60 - ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел кезекші бөлімінің телефоны немесе 112.
"ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметі