Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде.
Жылыту маусымы басталғаннан бері (2022 жылдың 1 қазанынан бастап) тұрғын үй секторында 186 өрт болып, 2 адам қаза тапты.
Өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 1,5%- ға, өрт кезінде адам өлімінің 4 есе төмендеуі байқалады.
Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Түркістан, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында өрттер санының өсуі байқалады. ШҚО мен Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандардың өсуі байқалады.
2022-2023 жылдардағы жылыту кезеңінің басынан бастап өрт салдарынан 3 адам жарақат алды, көміртегі тотығымен улану салдарынан 2 адам жарақат алды. Ақтөбе және ШҚО-да өрт кезінде жарақат алғандардың өсуі байқалады. Улы газбен улану салдарынан жарақат алғандардың өсуі Алматы қаласында байқалады.
Халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру және тұрғын үй секторындағы өрттерге байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында жылыту маусымына дайындық кезеңінде 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін халыққа пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша өрт қауіпсіздігі акциясы өткізілді.
Аумақтық бөлімшелер халықтың әлеуметтік осал топтарының 105 933 тұрғын үйін есепке алды.
Өрт қауіпсіздігі науқанының I-кезеңінің қорытындысы бойынша 100% аралау қамтамасыз етілді, оның барысында 340 725 азаматқа нұсқау берілді, оның ішінде ЖАО өкілдерімен бірлесіп 67 127 үй араланды.
Аралау барысында 98 461 тұрғын үйде 79 341 үй бұзушылықсыз пайдаланылатыны анықталды, 19 643 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 61 118 бұзушылығы анықталды, 13 633 бұзушылық сол жерде жойылды.
Өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін Өрт қауіпсіздігі науқанының II-кезеңі басталды, профилактикалық жұмыс автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлерді қамтиды, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлеріне бару жалғасын табады.
Осылайша 369 886 үй аулалық аралаумен қамтылып, 724 232 азаматқа нұсқау берілді. 38 178 тұрғын үйде 62 508 бұзушылық анықталды, 21 926 бұзушылық сол жерде жойылды.
Жанудың бастапқы сатысында түтінді уақтылы анықтау және хабарлау үшін республика бойынша 1 маусым мен 7 қазан аралығында жеке тұрғын үйлерде 12 725 датчик орнатылды, оның ішінде табиғи газ датчигі – 4 389, көміртегі тотығы датчигі – 8 022 және түтін датчигі – 314.
Өрт пен адам өлімінің алдын алу және болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстары жылыту маусымының соңына дейін жалғасатын болады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі