ШҚО-да бір учаскеден басқа барлық өрттер жойылды

ШҚО-да бір учаскеден басқа барлық өрттер жойылды

Шығыс Қазақстандағы барлық учаскелерде өрттер жойылды. Күршім ауданының «Пугачев орманшылығы» ауданындағы өрт қана жалғасуда. Өрттің ауданы белгіленуде. Өрт сөндірушілер, ЖАО, орманшылардың күштері жұмылдырылды. Барлығы жеке құрамның 260 адамы және 30-ға жуық техника бірлігі. ШҚО әкімдігінің «МИ-8» екі тікұшағы жұмылдырылған. Отпен күресуге қолжетімділігі қиын таулы аймақ кедергі келтіреді, со себепті десантты жеткізу тікұшақтардың көмегімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, көлемі 35 тонна болатын 14 рет су ағызыды. Елді мекендерге қауіп жоқ.

ШҚО ТЖД өңірде өрт қауіпті кезең жалғасып жатқанын еске салады.

Азаматтар өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауы қажет.  Үйлердің аумағын құрғақ шөп пен қоқыстардан алдын ала тазалап отыру керек.

- Тұрғын үйлердің жанында қоқысты жағуға болмайды

- Ауа-райы желді болғанда от жағуға болмайды

- Шөптің өртенуіне жол бермеңіз.

​ Жауапсыздық пен немқұрайлылық, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үлкен апатқа әкеліп, орны толмас зиян келтіруі мүмкін.

Өрт туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі