Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда

Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда

Қарағанды облысында жылыту кезеңінде өрттің алдын алуға бағытталған өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Профилактикалық іс-шара шеңберінде ТЖ департаментінің қызметкерлері бұрын өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтары анықталған халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне рейдтер жасап, аулаларды аралады. Еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көміртегі тотығы датчиктерін орнату, жылыту және электрмен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 48 датчик орнатылды, оның ішінде 8 көміртегі тотығы, 40 түтін газы датчиктері.

Жылыту кезеңінде өрттің алдын алу және көміртегі тотығымен улану жұмыстары жыл сайын суық ауа райы басталғанға дейін жүзеге асады.

Өрт айлығының бірінші кезеңі 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өтті. Оның барысында азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен, әкімдік және әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының 5082 үйіне өрт қауіпсіздігіне келтіру бойынша қажетті көмекті айқындау тұрғысынан аулалық аралау жүргізді. Үй тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы нұсқамалар өткізілді, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт болған жағдайда әрекет ету туралы жадынамалар таратылды. Бұл жұмысқа 13 702 адам жұмылдырылды. Рейдтер барысында 167 тұрғын үйде 214 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылық анықталды, тұрғындарға ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, 1 қазаннан бастап облыс аумағындағы тұрғын үйде 7 өрт болған.

ТЖ департаменті облыс азаматтарына өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау екенін еске салады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі