2022 жылғы 13-14 қазан күндері Төтенше жағдайлар министрі Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барады.
Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, азаматтарды қабылдайды.
Сонымен қатар брифингке қатысып,министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарына жауап береді.
Азаматтардың сұрақтарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), dchs_ulytau@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 13 қазанға дейін қабалданады.
Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет, «2022 жылғы 14 қазандағы халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн.
Жеке қабылдауға жазылу үшін 8-7102-74-11-34. телефондары бойынша хабарласыңыздар.