
Орталық Азия елдері төтенше ведомстволары басшыларының өңірлік форум-кеңесі шеңберінде 4 қазанда Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Орталық Азия елдері Сендай негіздемелік бағдарламасының ұлттық үйлестірушілерінің және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік ғылыми-техникалық кеңестің (ӨҒТК) кеңейтілген отырысы өтті.
БҰҰ апаттар қаупін азайту басқармасының, Дүниежүзілік Банктің және орталықтың қолдауымен Тәжікстан Республикасының Үкіметі ӨҒТК кеңейтілген отырысын ұйымдастырушы болып табылады.
Отырыс барысында Орталық Азия бойынша тәуекелді жаңа өңірлік бағалау нәтижелері, сондай-ақ жекелеген елдер бойынша олардағы әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша есептер ұсынылды. Сонымен қатар ӨҒТК мүшелері-Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері төтенше жағдайларға дайындық және апаттар қаупін қаржыландыру арқылы олардың салдарын жою мәселелерін талқылаған дөңгелек үстелдер өткізілді.
Бұдан өзге, аймақтағы апаттар қаупін басқару жүйесін нығайтудағы ӨҒТК рөлі талқыланды.
Қатысушылар өңірдегі даму бойынша басқа серіктестер бастамашылық еткен апаттар қаупін бағалау бойынша қосымша модельдермен танысты.
cesdrr.org