
Өскеменде құтқарушылар үш күшікке көмекке келді. Жануарлар 2,5 метрлік шұңқырға құлап, онда бірнеше сағат тұрған екен. Жалынышты дыбысты естіп, кішкентай күшіктерді тауып алған әйел бірден құтқарушыларды шақырды. ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері сол жерге келіп, терең шұңқырға түсіп, күшіктерге жетіп, оларды ақырын көтерді.
Металлургтер көшесінің маңында қорқытқан иттерден биік ағашқа көтеріліп, кері түсе алмаған мысыққа да көмек қажет болды. Куәгерлер оны оны дәмді тағаммен қызықтырып оны түсіріп алуға тырысты, бірақ мысық берілмеді. Бір күн өткен соң тұрғындар «112» қызметіне қоңырау шалып көмек сұрады. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қорқып қалған мысықты үш иінді баспалдақтың көмегімен ағашқа көтеріліп «құтқарып алды».
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі