
Ақтөбе облысының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы Ақтөбе қаласының балықшыларымен алдын алу жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында балықшыларға жаднамалар таратып, балық аулау дүкендері иелеріне балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға нұсқау берілді.
Балық аулауды ұнататындар су қоймасына барар алдында ауа-райының болжамымен алдын-ала танысып, маусымға сәйкес киініп, өздерімен бірге зарядталған телефон алып, жақындарына өздерінің маршруттары мен жоспарланған қайту уақыты туралы хабарлауы керек. Бір жағында салмағы 400-500 грамм жүгі бар, ал екінші жағында ілмегі бар ұзындығы 12-15 метр сым түріндегі құтқару құралын алып жүрулері қажет. Сондай-ақ құтқару кеудешесін кию керек.
Ақтөбе облысы ТЖД АҚБ