Оқу-әдістемелік жиындар аяқталды

Оқу-әдістемелік жиындар аяқталды

2022 жылғы 29 қыркүйек күні 52859 әскери бөлімінің аумағында өткізілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859, 28237, 68303 әскери бөлімдерінің құтқару батальондары, роталары, жекелеген взводтары командирлерімен, сонымен қатар Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының офицерлерінің қатысуымен ұиымдастырылған оқу-әдістемелік жиындары өз мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің  Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Әбікеев Ұларбек Тәшіқұлұлы оқу әдістемелік жиынның қорытынды жиналысына келіп, үздік офицерлерді марапаттады.

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі