Болашақ құтқарушы!

Болашақ құтқарушы!

Жапенов Мадияр жоғары политехникалық колледжінің «Төтенше жағдайлардан қорғау» мамандығының 4 курс студенті. Ол жас кезінен құтқарушы болуды армандаған.

«Осындай мамандық иелерімен кездескен сайын шын жүректен қол алысып амандасқым келеді. Сырттай байсалды, олар кез келген уақытта әрекет етіп, көмекке келуге дайын», – дейді Мадияр. 

2019 жылдан бастап «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» құзыреті бойынша Worldskills Kazakhstan қатысушысы. 2021 жылы Worldskills облыстық чемпионатына қатысып, облыс қатысушылары арасында бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, болашақ құтқарушы облыстық «Qopter slub» байқауының және республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар байқауының жеңімпазы атанып, қазір ел чемпионатына дайындалуда.

Қазір біздің жас құтқарушы жыл сайынғы «Қазақстан Республикасының ТОП 100 колледж студенті» байқауына қатысуда, оған еліміздің түкпір-түкпірінен білім, біліктілік және дарындылық арқасында жетістіктерге жеткен ең дарынды студенттер қатысады. Жас кейіпкеріміз болашақта кәсіби құтқарушылар қатарына қосылуды жоспарлап отыр. 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі