2022 жылға арналған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын бірлесіп даярлау жоспарына сәйкес Республикалық жедел-құтқару жасағының, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің, Апаттар медицинасы орталығының және «Қазавиақұтқару» АҚ күштері мен құралдары «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысуда, ол Алматы облысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімі орталығының базасында өтіп жатыр.
Бүгін «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуының салтанатты ашылуы өтті, оған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері қатысуда.
Оқу-жаттығудың мақсаты ҰҚШҰ ЖДҰК басқару органдарының жауынгерлік іс-қимылдарды дайындауда және күштер мен құралдарды басқаруда, оның ішінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету өңірінде контингенттерді өрістету кезінде үйлесімділігін жетілдіру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңірінде ҰҚШҰ ЖДҰК арнайы мақсаттағы күштерінің құралымдарын қолдануды пысықтау жоспарлануда.
Төтенше жағдайларды жою департаменті