
Жыл басынан Республика аумағында жатақханаларда 13 өрт тіркеліп, 4 адам қайтыс болды. Оның ішінде, жеке тұрғын үй аумағында заңсыз орналасқан жатақханаларда 8 өрт орын алды.
Осы санаттағы объектілердің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру бойынша шаралар қабылдау мақсатында, Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй секторында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылғы 15-30 қыркүйек аралығында аумақтық полиция бөлімшелері, газ техникалых инспекциясы, «КазТрансГаз Аймақ» қызметкерлерін тарта отырып, «Жатақхана» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
Профилактикалық іс-шаралармен облыстың барлық жатақханалары қамтылды. Аралау барысында жатақхана тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, үгіт материалдары таратылды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі