«Газ-түтінінен қорғау қызметінің үздік буыны» байқауы

«Газ-түтінінен қорғау қызметінің үздік буыны» байқауы

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті осы аптада облыстың өрт сөндіру бөлімдері арасында  «Газ-түтінінен қорғау қызметінің  үздік буыны» ең озат атағына сайыстар өткізілді. Байқауға барлығы 15 команда қатысты.  Практикалық бөлімнің міндетіне бақылау тексеруін жүргізу , жүгі бар зембілдерді тасу, шинаны жиектеу, автокөлікті сүйрету, кедергілердің психологиялық жолағынан өту, жүгі бар жәшікті түтін камерасында тасу, оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне үш иінді баспалдақпен көтерілу, зардап шегушіні түсіру, нысананы сумен толтыра отырып АЦ-дан өрістету кірді.

Қиын күресте 10-ӨСБ командасы (Ақсу қ.) жалпыкомандалық 1 –ші орынға ие болды, 2- орынды 4-ӨСБ (Павлодар қ.), 3-орынды 6-ӨСБ (Екібастұз қ.) алды.

 Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі