
28 қыркүйекте күндізгі сағат бір шамасында Шығыс кентінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген сәтте ағаш шатыр құрылымдары мен жеке заттар өртеніп жатты. Қызыл жалын 50 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны сөндіру барысында жанып жатқан үйден сыйымдылығы 27 литрлік 1 газ баллоны шығарды.
Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік техникасын сақтамау.
Абай облысы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді!
Өрт шыққан жағдайда "101" немесе "112" нөмірлері бойынша хабарлаңыз.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі