Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда

Жамбыл облысының ТЖ Департамент қызметкерлері өрттің алдын алу және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, бұл жұмыс мерзімді баспасөз басылымдарында материалдарды жариялау, жергілікті теледидар мен радиода сөз сөйлеу, интерактивті сабақтарды ұйымдастыру, ашық есік күндерін, конкурстар, викториналар, аулаларды аралау және басқа да іс-шараларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.

 Төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптарын қатаң орындау мақсатында Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, волонтерлер және "ҚазТрансГазАймақ" АҚ ЖОФ өкілдері халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 7 мыңнан астам аулаларды аралап шықты. Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша алдын алу жұмыстары барысында 9 мыңнан астам адам оқытылды,  21 мыңнан астам дана көлемінде жаднамалар мен ақпараттық парақтар таратылды. 5483 адамды қамти отырып тұрғындармен 317 жиын өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 224 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, оның ішінде теледидар арқылы – 36, радиодан-18, баспасөзде – 170. Облыстық және қалалық телеарналарда әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде.

Бұдан басқа, өртке қарсы тақырыпта әзірленген бейнероликтер кабельдік теледидарда, облыс кинотеатрларында, "ХҚКО" РМК филиалдарында, сондай-ақ бейнеаппаратурамен жабдықталған қалааралық автобустарда таратылады.

Қазақстан Республикасында «2022 жыл - балалар жылы» болып жариялану шеңберінде республика бойынша «Біз балалық шақтың қауіпсіздігі үшін» челленджі іске қосылды, оның мақсаты балаларды өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарына, өрт туындаған жағдайда дұрыс іс-қимылдарға үйрету, жеке қауіпсіздік және айналасындағылардың қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарауды қалыптастыру, балалардың қатысуымен Төтенше жағдайлар санын азайту болып табылады.

 Тұрғындар арасында балабақша мен мектептен бастап өртке қарсы білімді терең, жақсы ойластырылған, жүйелі және дәйекті насихаттаудан тұратын түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу азаматтар мен олардың мүліктерінің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, сондай-ақ облыстың тұрғын үй қорының өртке қарсы қорғанысын нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі