ТЖ-ға дайындық және ден қою саласындағы ынтымақтастық

ТЖ-ға дайындық және ден қою саласындағы ынтымақтастық

2022 жылғы 27 қыркүйекте Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазақстанның Қызыл жарты айы» қоғамының өкілдерімен ұйымдастырушылық даму департаментінің директоры А. А. Кумашева мен облыстық филиалдың директоры З. И. Бернеева, «Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл крест Комитеті» кең бейінді жобалау маманы К. К. Мәдиевамен және облыстың волонтерлік ұйымдарымен жұмыс кездесуін ұйымдастырып өткізді.

Жұмыс кездесуі барысында «Қызмет мониторингі», «Service Learning», «Еріктілермен және студенттермен Қазақстанның Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы туралы ақпараттық-сессия», «Маңғыстау облысының ТЖ Департаментімен серіктестік туралы», «Маңғыстау филиалының қызметін жариялау» тақырыптар мәселелері талқыланып, ТЖ кезінде дайындық және ден қою саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.

 Маңғыстау облысының

 ТЖД баспасөз қызметі