
Өрт статистикасы өрттің ең көп саны жеке секторда болатындығын көрсетеді. 2022 жылғы 8 айда өңірде тіркелген 439 өрттің 68% - ы жеке секторда тіркелген.
Сондықтан жеке сектор тұрғындарына отты пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы тағы да еске салу қажет. Өйткені олар үшін жылыту маусымы әдетте көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына қарағанда ертерек келеді.
Күзбен бірге ылғал да келді. Пәтер тұрғындары орталықтандырылған жүйеден жылу беруді күтуде. Ал жеке үйлердің тұрғындары жылыту маусымын бастап кетті. Енді олар от тек жылу көзі ғана емес екенін есте ұстауы керек. Ол адамның бақылауынан шыққан кезде өте қауіпті.
Осы кезеңде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке сектор тұрғындарына отты қалай ауыздықтау, оның жайылып кетуіне жол бермеу туралы барлық қажетті ақпарат бар жаднамалар мен буклеттерді таратуда. Отты абайсыз қолдану - өрттің басты себептерінің бірі. Ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйек аралығында өткен өрт қауіпсіздігі айлығының 1- кезеңінде құтқарушылар 15 821 үйде рейдтер жүргізді, 34 215 азаматқа нұсқау берді, 64 589 дана үгіт материалдарын таратты.
Сонымен қатар, жылыту кезеңіндегі өрттердің негізгі себептеріне мыналар жатады: қатты отынмен жұмыс істейтін пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және электр жабдықтарының ақаулығы. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен суық түскенге дейін әлеуметтік әлсіз санаттағы 165 үйде жылыту пештері жөнделіп, 229 үйде түтін мұржалары тазартылды.
Облыс тұрғындарына тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, балаларды ата-анасының қарауынсыз қалдырмау, балалардың отпен ойнауына жол бермеу артық болмайды. Осылайша, сіз өз өміріңізді оттан, сондай-ақ жылдар бойы жинақталған мүлік пен материалдық құндылықтардан сақтайсыз!
Қостанай облысының ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы