Құтқарушылар күніне арналған Тимбилдинг

Құтқарушылар күніне арналған Тимбилдинг

Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Энергетик» сауықтыру кешенінде тимбилдинг өткізді.

Аталған іс-шараны гарнизон бастығы генерал-майор Ж.К. Жұмашев ашты. Ол салауатты ұжымның жеке құрам алдына қойылған кез келген жауынгерлік міндетті табысты орындауының кепілі екенін еске салды.

 Ұжымдық демалыстың бірінші кезеңінде балалардың асфальттағы суреттері көркем нөмірлерінің конкурсы, көкөністер мен жемістердің жасанды бұйымдарының көрмесі өтті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Тимбилдингтің екінші кезеңінде көңілді старттар өткізілді. Барлық қатысушылар өз командасының ұраны мен логотипін ұсынған 6 командаға бөлінді. Барлығы тез әрекет етіп, өздерінің төзімділігі мен тапқырлығын көрсетті. 

Ұжымдық демалыстың үшінші кезеңінде музыкалық байқау өтті.

Төртінші кезеңде армрестлинг, арқан тарту болды және соңында барлығы бірге волейбол ойнады.

Сонымен қатар ең үздік тағам конкурсында өрт сөндіру қызметінің кезекші қызметкері жеңімпаз атанды.

Аталған іс-шараға Департаменттің және «ӨСжАҚЖҚ» ММ, Апаттар медицинасы орталығының барлық жеке құрамы қатысты.

Пресс-служба ДЧС Павлодарской области