Өскемендік құтқарушылар коллекторға құлап кеткен ер адамға көмектесті

Өскемендік құтқарушылар коллекторға құлап кеткен ер адамға көмектесті

Өскемен қаласындағы Новаторлар көшесінде ер адам коллекторға құлап кетті. Зардап шегушіні байқаған куәгерлер көмекке құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына жедел келіп жеткен ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасақ қызметкерлері 2 метрдей шұңқырға шабуыл сатымен түсіп, ер адамға «қамаудан» босауына көмектесті. Денсаулығына еш қауіп жоқ, дәрігерлердің көмегі қажет емес. Кейін белгілі болдай, ол қауіпті учаскені байқамай қалып құлап кеткен екен.

ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласу қажет екенін еске салады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі