«ТАЗА ПАРАҚТАН» РЕТТЕУ: қоймалау саласындағы бизнеске қойылатын талаптар қайта қаралуда

«ТАЗА ПАРАҚТАН» РЕТТЕУ: қоймалау саласындағы бизнеске қойылатын талаптар қайта қаралуда

2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады. Оны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері реттеудің жаңа тәсілдеріне сәйкес реттеушілік актілерді қайта қарау және Кәсіпкерлік саласында міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа белсенді түрде қатысуда.

Атап айтқанда, қоймалау саласындағы «таза парақтан» мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамына (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 290 бұйрығымен құрылған) Комитет өкілдері кірді.

Жұмыс тобының кезекті отырысында Комитет қызметкерлері мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, қоймалау саласындағы бизнеске қойылатын міндетті талаптарды қамтитын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 26 нормативтік құқықтық актіні қарады.

Талдау қорытындысы бойынша 2 781 талап анықталды, оның ішінде 336 талап базалық шарттарға сәйкес келмейтіндігі анықталды, осыған байланысты олар болашақта өзгертілетін немесе жойылатын болады.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті