ШҚО ТЖД құтқарушылары ЖКО-ға түскен автокөлік жолаушысын босатып алды

ШҚО ТЖД құтқарушылары ЖКО-ға түскен автокөлік жолаушысын босатып алды

27 қыркүйек күні таңғы сағат 03 шамасында Өскемен қаласының Аязбаев көшесінде "ВАЗ-2109" маркалы жеңіл автокөлік электр беру желісінің тірегіне соғылып қалды. Көлік салонының ішінде артқы орындықта жолаушы қысылып қалған. Оқиға орнына ШҚО ТЖД құтқарушылары жедел келіп гидравликалық құралдың көмегімен олар автокөліктің артқы есігін кәсіби түрде ашып, әр түрлі жарақаттар алған зардап шегушіні абайлап алып шықты және оны жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі