Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды

Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыстық «ТДК-42» телеарнасын тарта отырып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, газ техникалық инспекциясының қызметкерлері, «Ақжайық жастары» еріктілерімен бірлесіп, жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Рейд барысында 1186 адамды қамтитын 527 үй араланды. Тұрғындарға пешпен жылытуды пайдалану, электр қыздырғыш және газ аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар жүргізілді, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жаднамалар табыс етілді.

Жеке сектор тұрғындарымен профилактикалық рейдтер жылыту маусымы аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы