Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Вице-министрі Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев Жезқазған қаласына жұмыс сапары барысында 2022 жылғы 21 қыркүйек күні жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментіне барып, қызметкерлердің жұмыс орындарын қарап, жеке құраммен кеңес өткізді.
Кейін Вице-министр «Азаматтық қорғау қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау және осындай бұзушылықтарға қарсы күрес әдістері туралы» тақырыпта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Н.Н. Сұлтановтың, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдерінің, ҚР ТЖМ ӨҚК Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Абай облысы бойынша департаменттерінің басшыларының, сондай-ақ, ҚР ТЖМ ӨҚК Ұлытау облысы бойынша департаментінің жеке құрамының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында Н.Н. Сұлтанов «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес әдістері туралы. Қолданылатын жазалар түрлері. Мысалдар» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының нормаларын қарастырылды.
2022 жылғы 22 қыркүйекте Мереке Құдайбергенұлы Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің тау-кен өндіру саласындағы кәсіпорындарымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және шешу жөнінде кеңес өткізді. Талқылауға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ және еліміздің басқа да бірқатар ірі кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Кеңес барысында келесі мәселелер:
- өнеркәсіптің тау-кен өндіру саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау;
- өнеркәсіптің тау-кен өндіру саласындағы қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік бақылаудың жай-күйі туралы;
- өнеркәсіптің тау-кен өндіру саласындағы өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.
Вице-министр «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – «Жезқазғантүстімет» ӨБ 1,2 Жезқазған байыту фабрикасына барып, өндірістік желілермен танысты. Кәсіпорын қызметкерлері мен «Серіктес» Авариялық-құтқару қызметі» ЖШС құтқарушылары бірлескен кешенді оқу дабылын өткізді, онда қауіпті өндірістік объектідегі өртті сөндіру (аварияны оқшаулау және жою) көрнекі көрсетілді.
Оқу дабылын өткізу міндеттері:
- объектінің, персоналдың адамдарды құтқаруға және аварияны жоюға дайындығын тексеру;
- жоспардың объектідегі нақты жағдайға сәйкестігін тексеру;
- объектіге қызмет көрсететін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің бөлімшелерін тексеру.
Оқу дабылының, аварияға қарсы жаттығудың қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысына жүктеледі.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті