
Күз - әуесқой балықшылар үшін тамаша уақыт. Дәл осы кезеңде облыста орналасқан өзен-көлдерде балықшылар саны артады. Балық аулау - бұл демалудың тамаша түрі, бірақ егер қауіпсіздік ережелері сақталмаса, ол өте қауіпті болуы мүмкін. Өкінішке орай, суда демалудың көптеген жанкүйерлері бұл туралы ұмытып кетеді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары ШҚО ақпараттық орталығында брифинг өткізді, онда соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы бойынша су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан 4 адам суға батып кеткені айтылды (2021 жылы-3 адам, 2022 жылы-1 адам).
Құтқарушылар орын алған жазатайым оқиғаларды талдап, балықшылардың қаза болу себептерін анықтады:
- Балықшылар жиі қайықтың сыртына құлап, мас күйінде қаза табады (жоғарыда аталған жағдайлардың 2-уі Ұлан ауданында болған)
– Қауіпсіздік шараларын бұзу - өлімнің тағы бір себебі, ол статистикаға өз үлесін қосады (Күршім ауданындағы жазатайым оқиға, жұқа мұзға шығу)
«Негізінен, мұндай оқиғалар адамның жүзу құралының сыртына құлауымен байланысты. Көп жағдайда бұл адамдар балық аулағысы кеп қайықта жүрген кезде пайда болады. Бұл жағдай өте тұрақсыз, сондықтан суға құламас үшін тепе-теңдік ұстау маңызды. Егер қайықпен екі адам болып бірге балық аулау кезінде орын ауыстыру қажет болса, онда өте баяу, тепе-теңдікті сақтау үшін сәл бүгіліп, кенеттен қозғалмай, қайықты шайқамай, оның ішіне су толып кетпейтіндей ауысуыңыз қажет. Егер су айдынында жоғары толқын немесе қайық тұрақсыз жұзетін болса, жағалауға жүзіп, сол жерде орындарды ауыстырған дұрыс», - деп ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Андрей Вебер атап өтті.
«Қайықта жүргендердің барлығында міндетті түрде құтқару кеудешелері болуы тиіс. Өкінішке орай, бұл талап пен қарапайым қауіпсіздік шарасы барлық жерде бұзылады. Жеке құтқару құралдарынсыз шағын кемелерде болғанда бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 583-бабы бойынша әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады. Түнгі уақытта балық аулауға жол берілмейді», - деп ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ерік Тұрсынғалиев айтты.
ШҚО ТЖД мыналарды ұсынады:
- шағын кемелерде балық аулау кезінде қайыққа отырғызу алдында оны мұқият қарап, оның қауіпсіздігіне, құтқару шеңберінің және су құюға арналған ыдыстың болуына көз жеткізу қажет;
- қайыққа отырған кезде абай болу керек. Қайықтың бортына отыруға, бір орыннан екінші орынға орын ауыстыруға, қайықтан сүңгуге тыйым салынады. Қайықта жүрген адамдар міндетті түрде құтқару кеудешелерін киюі тиіс;
- балық аулауға бармас бұрын ауа-райының жағдайын алдын-ала білу қажет;
- әрқашан жақын туыстарыңызға қайда баратындығыңызды және шамамен қайту уақытын айтыңыз. Мұны қараңғыға дейін жасауға тырысыңыз;
- өзіңізбен бірге міндетті түрде медициналық дәрі қобдишасы, жергілікті жердің картасы болуы тиіс;
- үрлемелі қайыққа жүк ретінде жақын жерден ала салатын тастар, темірлер, кірпіш салмаңыз, өйткені қайықтың резеңкеленген матасын өткір жиектерімен кесіп алу қаупі бар;
- үрлемелі қайықта көптеген шөгінділер бар жерлерде жүзбеуіңіз керек, бұл «тұзақтар» қайықтың бүлінуінен бастап өмірге қауіп төндіруге дейін көптеген қиындықтар тудыруы мүмкін, ал егер қайық төңкерілсе, үрейленбеңіз, оны ұстап алуға тырысыңыз және жағаға қарай жүзіңіз;
- мас күйінде балық аулауға немесе аң аулауға қатаң тыйым салынады.
Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, «112» нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі