
2022 жылғы 20 қыркүйекте сағат 11-00-де «ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрамымен және Алматы облысы ТЖД инженерлік-инспекторлық құрамымен Шелек кентінің компрессорлық станциясы – «Алматы» ЖПУ ГТБ объектісінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың тактикалық мәні бойынша автоцистернадан жерасты ыдыстарына айдау кезінде бензин төгілген. Болжам бойынша өрт ұшқынның салдарынан болған. Жанар-жағармай материалдарының құйылуы мен жануы нәтижесінде өрт жақын маңдағы құрылыстарға, атап айтқанда жөндеу-пайдалану учаскесіне және 10 көлікке арналған гаражға таралды.
Шартты өртті сөндіру барысында келесі мәселелер пысықталды:
- шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен объектінің инженерлік-техникалық және қызмет көрсету персоналы арасындағы өзара іс-қимыл;
- бірінші келген және одан кейінгі өрт сөндіру басшысының жағдайды бағалау, шешуші бағытты таңдау дағдыларын, жедел өрт сөндіру штабының жұмысын жетілдіру;
- өрттегі штаб және тыл жұмыстары;
- өртті сәтті сөндіру үшін қажетті бөлімшелер мен техниканы өртке шақыру орнына шоғырландыру уақыты;
- жеке құрамның қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаларын сақтауы;
- орнату орындары, сондай-ақ өрт техникасына арналған кірме жолдар.
ӨТЖ өткізуге жеке құрамнан 65 адам және 5 бірлік техника, сондай-ақ өзара іс-қимыл қызметі: аудандық полиция бөлімінен 2 адам және 1 бірлік техника, 3 адам және 1 бірлік жедел медициналық жәрдем техникасы, 1 адам және 1 бірлік ӨСКҚ штабының техникасы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД басшылығынан оқу-жаттығу өткізу орнында ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А.П. Рау, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі В.А. Зобов, сондай-ақ ТЖБ бастықтары, бөлім бастықтары, қарауыл бастықтары және жақын маңдағы бөлімшелердің бөлімше командирлері қатысты.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларды тыңдау және анықталған қателер мен кемшіліктерді оларға жол бермеу мақсатында түсіндіру арқылы талдау жүргізілді. Жалпы, жеке құрам қойылған тапсырманы жақсы орындады. Сондай-ақ, бұл іс-шара «Жетісу» және «Алматы» телеарналарынан көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі