
Ағымдағы жылғы 12-17 қыркүйек аралығында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Мақсат Қосыбаев Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық гарнизондардың ұжымы алдында баяндама жасады.
Мақсат Қосыбаев өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында елдің одан әрі қарышты дамуына бағытталған саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық маңызы бар мәселелерге ерекше назар аударылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның стратегиялық бағытын қолдауға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, халқымыздың түпкі мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ерекшеліктерді ұтымды пайдалану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ішкі мәселелер - азық-түлік бағасы және әйелдердің зейнеткерлік жасының тұрақтылығы, Ұлттық қордан балалардың шоттарына аударылуы секілді мәселелерге қаржы көздерін қарастыру, оларды тиімді игеру, инвесторларды тарту, сыбайлас жемқорлық мәселелерін шешу және заңды және жеке тұлғалардан алынған айыппұлдарды білім беру мақсаттарына жұмсау мәселелері еліміздің болашағына деген сенімділікті одан әрі нығайта түсетіндігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауында еліміздің экономикасын дамытуға аса назар аударды. Ол дегеніміз өз кезегінде ауыл шаруашылығын дамыту үшін ірі агрокешендер, заманауи зауыттар, фабрикалар, білім саласында жаңа мектептер, денсаулық саласында жаңа емдеу мекемелерін салу және тағы басқа мәлелелер болып табылады.
Ал біз, өз кезегімізде, осы салынған ғимараттарды өрттен, төтенше жағдайлардан және басқа да құтқару жұмыстарынан қорғау жөніндегі өз міндеттерімізді адал атқара отырып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге өз үлесімізді қосамыз.
Сондықтан жаңа, әділетті Қазақстанды қалыптастыру үшін біз Жолдауда көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстарды іске асыруға бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жұмыла кірісуіміз қажет. Әркім өз саласында еңбек етіп, елге және болашақ ұрпаққа пайда әкелуге ұмтылуы тиіс.
Осы және өзге де мәселер қозғалған шара барысында өткізілетін іс-шаралар деңгейін арттыру және халықты табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғау жолындағы бастамаларды жандандыру бойынша ұжым алдына нақты міндеттер қойылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен басқа да міндеттерін талқылады.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі