Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушыларына тұрғындар алғыс білдірді

Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушыларына тұрғындар алғыс білдірді

2022 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 17.16-да Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы тұрғын үйдің ауласындағы ашық алаңда жиналған шөптің өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автотехникасы мен жеке құрамнан 9 адам шығып, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген. Өрттің ауданы 50 шаршы метрді құраған. От жауынгерлері кәсіби әрі жедел  әрекет етудің арқасында шөп қораға жақын орналасқан үй мен сарайға өрттің таралуының алдын алды.  Үйді өрттен құтқарып қалған  өрт сөндірушілерге үй иесі шынайы алғысын білдірді.  Алайда, өрт салдарынан  400 орам шөп жойылды. Қуанышқа орай, аталған өрт оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сол күні Қордай ауданы, Күнбатыс-2 ауылындағы тұрғын үйдің ауласында шөп өртенді. Нәтижесінде өрт  жиналған шөптің 400 орамын жойды, осы күні Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында 100 сығымдалған шөп орамдары отпен жойылды.

Сондай-ақ, аталған тәулікте Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылындағы тұрғын үйдің ауласында жиналған шөптің өртке оранғандығы жөнінде де шақыртуға шыққан. Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан жиналған 100 түк шөп жойылды.

Жоғарыда аталған өрт оқиғаларынан зардап шеккендер тіркелмеген.

Сондай-ақ өрт сөндіруші-құтқарушылар тәулік ішінде түрлі тұрмыстық қалдықтардың, құрғақ шөптің және басқа да жануларға шыққан. Мәселен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары үй ішіне кіріп кеткен жылан мен жабайы кептерлерді шығару жұмыстары бойынша шақыртуларға шыққан. 

Осыған орай, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қарттарды үйде қараусыз қалдырмай, балалардың отпен ойнауына жол бермей, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды  ескертеді. Ал үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратып, өрт қауіпсіздігі ережелерін естен шығармауды сұрайды. Өрт немесе төтенше жағдай туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын еске салады. Өртті сөндіргеннен, ескерткен оңай екенін естен шығармаған жөн.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы