
Бүгін сағат 10.50-де Жамбыл олблысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне Жуалы ауданы, Шақпақ-ата ауылдық округіне қарасты, Бірлік қыстағындағы тұрғын үйдің сарайы өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына келіп жеткен №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы сарай шатырының өртенгендігін анықтап, шұғыл түрде өрт сөндіру жұмыстарымен айналысқан. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында өрттің одан әрі көрші орналасқан тұрғын үй мен қора-жайларға, шөп қораға жайылуының алдын алды. Өрт жарты сағатта жойылды. Өрттен зардап шеккендер мен жарақат алған адамдар жоқ. Есесіне үйдің қожайыны от жауынгерлерінің кәсіби шеберліктеріне риза болып, алғыс білдірді.
Осыған орай Жамбыл облысы ТЖД облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Өрт немесе төтенше жағдай туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін еске салады.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
Қоғаммен байланыс тобы