Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрғын үй секторында түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру шеңберінде 2022 жылғы 15-30 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласы Полиция басқармасымен және «Энергосистема» ЖШС қызметкерлерімен бірлесе «Жатақхана» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында 70-ке жуық шағын отбасылы жатақханалар бар. Іс-шараның басты мақсаты аталған санаттағы объектілердің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылдау болып табылады.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі