
Қазақстан Республикасы ТЖМ кинологиялық есептоптарының сертификаттық сынақтары аяқталды.
Іс–шараның мақсаты - кинологиялық есептоптардың дайындық деңгейін тексеру, сыныптық біліктілікті беру немесе растау, сондай-ақ ТЖ кезінде зардап шеккендерді анықтау үшін іздестіру иттерін дайындау және қолдану тәжірибесімен алмасу.
Сертификаттау сынақтарына 3 кезең кірді: мойынсұну және ептілік – ептілік жаттығуларының арнайы кешенін орындау және кинологтың командаларын орындау, табиғи ортада және техногендік үйіндіден шартты түрде зардап шеккендерді іздеу.
Қорытынды хаттамаға және төрешілер комиссиясының отырысына сәйкес кинологиялық есептоптарға ТЖ аймақтарынан адамдарды құтқару бойынша операцияларға қатысуға мүмкіндік беретін іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі.
Төтенше жағдайларды жою департаменті