Жыл басынан бері ШҚО ТЖД қызметкерлері 160-тан астам баланы құтқарды

Жыл басынан бері ШҚО ТЖД қызметкерлері 160-тан астам баланы құтқарды

2022 жылдың 19 қыркүйегінде Өскемен қаласының Әл-Фараби көшесінен құтқарушыларға дабыл түсті. Жуынатын бөлмеде кішкене бала қамалып қалған екен. Уайымға салынған анаға көмекке ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының қызметкерлері дереу келіп жетті. 3-4 жастағы бала қатты қорқып жылап қалған еді. Құтқарушылар арнайы құралдарының көмегімен есікті ашып берді.  

Осындай жағдайлар құтқару қызметіне жиі тіркеледі, олар балалардың ойынынан, желдің кесірінен, құлыптың дұрыс жұмыс істемеуінен де туындауы мүмкін. Сонымен қатар балалар ағашқа шығып, құрылымдарға қыстырылып немесе шұңқырға да түсіп жатады.

Кәсібилік пен үлкен тәжірибенің арқасында ШҚО ТЖД құтқарушылары қандай жағдай болмасын көмек көрсетеді.

Мәселен, 09 қыркүйекте ШҚО ТЖД қызметкерлері Қабанбай батыр көшесіндегі шақыру орнына келіп, аулада ойнап жүрген баланың саусағы жүгіртпе барабанға қысылып қалғанын көрген. Барабанның айналып кетпеуі үшін оны бекітіп, құралдардың көмегімен ТЖ қызметінің қызметкерлері 2015 жылы туған баланың саусағын абайлап босатты. ШҚО ТЖД ата-аналарға өз балалары үшін жауапкершілік алу керектігін ескертеді. Ешбір жағдайда оларды қараусыз қалдырмау қажет. Төтенше жағдайда құтқарушыларды 112 нөмірі бойынша шақырған кезде диспетчерге не болғанын егжей-тегжейлі айту маңызды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі