
Мемлекет басшысының соңғы тапсырмалары аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық ЖОО-ның оқу-материалдық базасын дамыту және кадрлар даярлауды күшейту өзекті мәселе болып табылады.
2022 жылдың 16 қыркүйегінде Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Академия бастығы полковник Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлының төрағалығымен өткен оқу жылының қорытындыларын талқылау және жаңа оқу жылына арналған тапсырмаларды айқындау жөнінде кеңес өтті. Жиналысқа Ақмола облысы ТЖД бастығы полковник Атығаев Нұрлан Бауыржанұлы шақырылды.
Кеңес басталар алдында Ақмола облысы ТЖД бастығына Академияның ТЖ жою бойынша жиынтық жасағының дайындығы көрсетілді.
Отырыс басталар алдында жеке құрам қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Абай облысты ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №22 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Тоғызбаев Айдос Еруланұлын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Іс-шараның басында Академия бастығы республикада болған табиғи өрттер жөнінде ақпарат келтірді және кафедралардан орман және дала өрттерін сөндіру тактикасы бойынша курсанттарды даярлауды күшейтуді талап етті.
Кеңесте Академия бастығы орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер бастықтарының баяндамалары тыңдалды.
Өткен оқу жылында Академия мамандарды даярлау процесін жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді, атап айтқанда: өрт орнын тексеру бойынша ахуалдық полигон құрылды; автокөлік құралдарын жүргізушілерді оқыту құқығы алынды; АЕК және СДТБТ электрондық жүйесінің тестілік нұсқасына қол жеткізілді; оқыту бағдарламасына «QGIS» көпфункционалды бағдарламасымен жұмыс енгізілді.
Кеңес барысында Ақмола облысы ТЖД бастығы өрт туралы істер бойынша анықтау бағыты бойынша дайындықты жақсарту, болашақ құтқарушылардың ТЖ жою орнында жедел штаб жұмысын ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, Ақмола ТЖД Академиямен тығыз ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенін айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша Академия бастығы бөлімшелердің қызметіне баға беріп, оқу және ғылыми қызметті, тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу-материалдық базаны дамыту бойынша жаңа оқу жылына арналған тапсырмалар белгіледі.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі