
Туған ел туралы ақпарат алу, адамдардың табиғатқа ұқыпты қарауын тәрбиелеу мақсатында 2022 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ТЖМ ардагерлері Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына барды.
Бұл Астанадан 160 км қашықтықта орналасқан Қазақстанның ең үлкен қорығы болып табылады. Қорықта 340-тан астам құстардың түрі бар. Оның 41 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына және 26 түрі Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.
Ардагерлер қорық мұражайында «ел қазынасы» тарихымен танысты. Қор қызметкерлерімен бірге қызғылт қоқиқаз бар қорық көліне барып, кеңбайтақ дала және жабайы көл ландшафтісін аралап қайтты.
«Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақсандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі