
2022 жылғы 17 қыркүйекте сағат Балалар жылы аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі БҰҰ Апаттар қаупін азайту басқармасымен және Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі ережелер» атты ойындар байқауын ұйымдастырды.
Іс-шара "Зілзалалар мен климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру және зілзала қаупін азайту жөніндегі Сендай бағдарламасын іске асыруды жеделдету" Орталық Азия бастамасы шеңберінде өткізілді.
Іс-шараның мақсаты балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайларды алдын алу.
Ойын Нұр-Сұлтан қаласының 14-16 жас аралығындағы оқушылары арасында өтті.
Іс-шарада оқыту ойындарын өткізу, жабдықтарды, өрт және құтқару техникасын көрсету және балаларды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға үйрету (алғашқы шұғыл көмек көрсету дағдыларын үйрету, өрт сөндіргіштерді, өрт сөндіру құралдарын пайдалану және т.б.) болды.
Практикалық тапсырмалар барысында алғашқы медициналық көмек көрсету, суға батқан адамға құтқару шеңберін лақтыру, жанып жатқан сұйықтықты өрт сөндіргішпен сөндіру бойынша конкурстар ұсынылды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі