ТЖМ «Бірге таза Қазақстан» жалпықалалық сенбілігіне қатысты

ТЖМ «Бірге таза Қазақстан» жалпықалалық сенбілігіне қатысты

2022 жылдың 17 қыркүйегінде ТЖМ қызметкерлері қысқы кезеңге дайындық, санитарлық тазалау, қаланы абаттандыру және көгалдандыру бойынша жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан» жалпы қалалық экологиялық сенбілігіне қатысты. Сенбілікке қатысушыларға қажетті құрал-саймандар мен қоқыс жинауға арналған қаптар берілді.

ТЖМ ұжымы қаланың Ботаникалық саябағының бөлінген учаскесінде жапырақтар мен қоқыстардан сапалы тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілік экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты сақтаудың маңыздылығына қоғам назарын аудару мақсатында ұйымдастырылды.

Осындай экологиялық іс-шаралар бізді біріктіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелейтіні сөзсіз. Сонымен қатар, қызметкерлер таза ауада сапалы уақыт өткізіп, елордамыздың дамуына үлес қосады.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі