Құтқару ісінің үздік командалары

Құтқару ісінің үздік командалары

ТЖМ "Жартасты қала – Астана" оқу-жаттығу полигонында төтенше жағдайларды жою Департаментінің бастығы Қахарман Оразалиннің басшылығымен "Қазқұтқару-2022" кешенді тактикалық оқу-жаттығудың салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Жарысқа 16 мықты өңірлік құтқару командалары, сондай-ақ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің 3 командасы қатысты.
Жарыс 5 кезеңде өткізілді: “техногенді апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары", “акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары", “табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары", “орташа қиылысқан жерлер бойынша командалық эстафета" және "Кешенді күштік жаттығулар".

Он күндік жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қола жүлде иегері атанды;
Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына күміс жүлде бұйырды;
Қостанай облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары алтын медаль мен "Қазқұтқару-2022" чемпионы атағын жеңіп алды.

Жеңімпаздар кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ерекше көзге түскен құтқарушылар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Полигон аумағында Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының қолдауымен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың қолдауымен "Қазқұтқару-2022" жарыстарымен бір мезгілде Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтері үшін мастер-тренинг өткізілді.
"Мемлекеттік орталық аэроұтқыр құтқару жасағы" ФМБК нұсқаушылары техногенді үйіндіде және табиғи орта жағдайларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қызметтік иттерді қолдану бойынша теориялық және практикалық сабақтардың толық курсын өткізді.

Тәжірибе алмасу үшін тренингке Санкт-Петербург аймақтық "Экстремум" ерікті құтқарушылар қоғамдық бірлестігінің кинологтары шақырылды.
Оқу бағдарламасын табысты меңгерген кинологиялық есептоптарға Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының сертификаттары берілді.


 
Төтенше жағдайларды жою департаменті