2022 жылғы 17 қыркүйекте сағат 10.00-де Балалар жылы аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі БҰҰ Зілзалалар қауіп-қатерін азайту басқармасымен және Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары» атты ойындар байқауын ұйымдастырады.
Ойын Нұр-Сұлтан қаласының 14-16 жас аралығындағы оқушылары арасында өтеді.
Іс-шарада оқыту ойындарын өткізу, жабдықтарды, өрт және құтқару техникасын көрсету және балаларды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға үйрету (алғашқы шұғыл көмек көрсету дағдыларын үйрету, өрт сөндіргіштерді, өрт сөндіру құралдарын пайдалану және т.б.) жоспарланған.
Практикалық тапсырмалар барысында алғашқы медициналық көмек көрсету, суға батқан адамға құтқару шеңберін лақтыру, жанып жатқан сұйықтықты өрт сөндіргішпен сөндіру бойынша конкурстар ұсынылатын болады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі