Қызылордада өрт қауіпсіздігі тақырыбында брифинг өтті

Қызылордада өрт қауіпсіздігі тақырыбында брифинг өтті

Бүгін Өңірлік коммуникациялар орталығында  Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Асхат Оразбеков алдағы жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі мен сақтық шараларын сақтау туралы брифингте сұхбат берді.

Спикердің айтуынша, жүргізіліп жатқан барлық профилактикалық жұмыстарға қарамастан 2022 жылдың 8 айында облыс бойынша 297 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасынан 3 адам қаза болып, 4 адам жарақат алды.

Өрт оқиғаларын талдайтын болсақ, 25 өрт объектілерде, 180 өрт тұрғын үй секторларында, 70 өрт автокөліктерде, 13 өрт далалы алқапта, 9 өрт басқа да жағдайларда орын алған.

Өрттердің басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан орын алуда. Сондықтан да жылу беру маусымында пеш пен электр қондырғыларын талапқа сай падалану, балаларды қараусыз қалдырмау қажет.

Брифинг соңында спикер журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда облысы ТЖД