
Жыл сайын облыс бойынша өрттердің 70-80% тұрғын үй секторына тиесілі, олардың себептері өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, халықтың отты абайсыз қолдануы, жылыту пештері болып табылады.
Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан бақылаудағы объектілерде және көлікте өрт және жану оқиғалары жиілеп кетті.
Осыған байланысты, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылғы 14 қыркүйекте тұрғын үй секторында, шаруашылық жүргізу объектілерінде және көлік құралдарын пайдалануда орын алатын өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының санын азайту мақсатында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.
Акция барысында шаруашылық жүргізуші объектілерде мемлекеттік өрт бақылауды жүзеге асыру, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік практиканы қолдану заңдылығы, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарына азаматтарды қабылдау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Осылайша 60-тан астам адам түрлі сұрақтармен жүгінді. Акцияға Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының, Павлодар қаласы ТЖ басқармасы және «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кадр қызметінің өкілдері қатысты.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы