Жылыту кезеңі қарсаңында ШҚО ТЖД мамандары 13 292 ауланы аралап шықты

Жылыту кезеңі қарсаңында ШҚО ТЖД мамандары 13 292 ауланы аралап шықты

Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығында өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан кең ауқымды жұмыс туралы айтып берді. ШҚО ТЖД мамандарының тұрғындар арасында жүргізген рейдтері, акциялары, нұсқаулықтары және тұрғын үйлерді аралауы 2021 жылмен салыстырғанда өрт санын 15% - ға азайтуға мүмкіндік берді. (2022 ж.-376, 2021 ж.-444).            

«Адам өлімі де 36% - ға азайды (2022 ж. - 14, 2021 ж. - 22). Ағымдағы жылы өрт кезінде балалар өліміне жол берілген жоқ. Өрттің негізгі себептері отты абайсыз қолдану (148 жағдай), пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (94 жағдай) болды», - деп Нұржан Өміржанов атап өтті.
Облыс аумағында пешпен жылытылатын 3 174 үй тіркелген, онда азаматтардың әлеуметтік осал санаттары тұрады.  Қазіргі уақытта Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы адресаттарды  аулаларды 100% аралап шықты.  Жоғарыда аталған үйлерде 2 357 бұзушылық орын алған. Оның ішінде: 1 613 пешпен жылытумен, 573 - электр желілері мен электр жабдықтарын пайдаланумен байланысты, 171 бұзушылық өзге де бұзушылықтарға жатады, атап айтқанда газ баллондарын сақтау және пайдалану кезінде, эвакуациялық жолдардың қоқыстануы, ірі жемшөптерді, пішенді сақтаудың бұзылуы, өртке қарсы аралықтардың болмауы.

Өңір аумағында жеке тұрғын үй секторында үйлерді аралау қайта жанданды. Қазірдің өзінде 13 292  аралау жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 2 941 үй тіркелді, онда 4 182 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу анықталды.
Меморандум аясында «Қазмырыш» ЖШС 2 140 улы газ датчигін, Катонқарағай ауданының әкімдігі 200 датчик бөлді. Барлық датчиктер қалалар мен аудандарға бөлінген. Суық ауа райы басталғанға дейін олар орнатылатын болады. Айта кетейік, аталған датчиктер саны тізімдегі әлеуметтік осал азаматтарға жататын барлық үйлерді 100% қамтиды, Глубокое және Күршім аудандарын қоспағанда, бұл аудандарда датчиктерді қамту 60%-ды құрайды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі